Shopping cart

ЖШС «Раяна» балабақшасындағы әдістемелік жұмысы

Әдістемелік кеңес отырысы

  1. №3 әдістемелік кеңес шешімдерінің орындалуы. әдіскер

  2. Жаңа формация педагогы-құзыреттілігі қалыптасқан тұлға әдіскер-

  1. Тәрбиеленушілер жетістігі-ізденімпаз ұстаз еңбегінің нәтижесі тәрбиеші –

  2. Педагогтер портфолиосын ресімдеу әдістемелік бірлестік жетекшісі

  3. Өз бетімен білім алу-педагогтардың кәсіби біліктілігін қалыптастырудың құралы Тәрбиеші –

  4. Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізудің әдістемелігімен таныстыру әдіскер-

  5. Ағымдағы мәселелер. әдіскер-

Тыңдалды: №3 әдістемелік кеңес шешімдерінің орындалуы.

Сөйледі: Әдіскер  мектепке дейінгі балаларды тәрбие мен оқытудың бағдарламасының және стандарт талаптарының орындалуы бойынша жұмыстар бақылауға алынып, балалардың сөздік қорын дамыту жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатқаны анықталды. Вариативтік компонент бағдарламалары күннің екінші жартысында кестеге сай жүргізілуде. «Егемен» ересектер тобында  ертегіні айту, сахналау жұмыстары қолға алынып, вариативтік компонент барысында қайталауда.

Мамыр айында өтетін балабақшамен қоштасу кешінде балалар ертегіні сахналап қойып беруге дайындалуда,-деді.

Шешім: Өткен әдістемелік бірлестік отырысының шешімі қанағаттанаралық деп танылсын.

  • Тыңдалды: Жаңа формация педагогы-құзыреттілігі қалыптасқан тұлға

Сөйледі: Әдіскер қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алудамыз. Білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас, басқаша қарым қатынас пайда болды.

Баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына көңіл бөлінуде. Сондықтан қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеріп,

жаңа формация мұғалімі болу- заман талабы. Жаңа формация педагогы деп кімді атаймыз?

  1. Педагог үздіксіз ізденуші

  2. Педагог дамушы шығармашыл тұлға

  3. Педагог өз ісінің шебері

  4. Педагог әділ, еңбекқор тәрбиеші

  5. Маман-педагог

Бүгінгі таңда жаңа формация педагогіне қойылатын талап та жоғарылады. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация педагогы – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Құзіреттілік латын тілінен аударғанда «компетенс» яғни, өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой-тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды есептеуге болады. Енді осы ұғымдардың мәнін тереңірек талдайтын болсақ, онда «құзыр» – тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан сапаларының жиынтығы, ал «құзырлық»–адамның іс-әрекеті саласына сай құзырлықтарды меңгеруі. Құзырлылық белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді. Кәсіби құзіреттілік деп педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық-педагогикалық және теориялық білімінің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады. Педагогтың кәсіби құзіреттілігі оның білімінің жан-жақтылығы, ұстаздық шеберлігі, оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияны меңгеруімен өлшенед,- деді.

Шешім: педагогтардың үздіксіз ізденіп, өздерін жан-жақты дамытуына әдістемелік көмек көрсету.

  • Тыңдалды: Тәрбиеленушілер жетістігі-ізденімпаз ұстаз еңбегінің нәтижесі

  • Сөйледі: тәрбиеші «Келер ұрпақтың алдында зор жауапкершілік арқалап келеміз» деген Елбасымыздың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Сонымен қатар, ұстаз шәкірттерін де үнемі сайыстар мен байқауларға қатыстырып, жүлделі орындар алуға ұмтылу қажет. Бұл жағдайда ата-аналармен жұмысты күшейту керек. Бүгінгі таңда мектепте мұғалім көп, өкінішке орай ұстаз аз.Нәтижелі еңбегімен ұлағатты ұстаздардың қатарын толықтыратын мектебімізден осындай ұстаз шыққандығына мектеп қауымы біздер дән ризамыз. Ұстазға тек жалықпай , ізденісін тоқтатпай ұстаздықтың ұлы жолында ұлы абыройға кенеліп, шәкірт тәрбиелей беруге зор тілек білдіреміз,-деді

Шешім: Педагогтардың түрлі сайыстарға қатысуын бақылау.

  1. Тыңдалды: Педагогтер портфолиосын ресімдеу

    Сөйледі: әдістемелік бірлестік жетекшісі педагог портфолиосы – педагогтардың кәсіби деңгейін көрсетуші материалдарды тіркеп жинақтау және өзінің кәсіптік қызметінің міндетін шешу қабілеті болып табылады. Педагогтың портфолиосы арнайы папкада жинақталады. Портфолиода педагогтың жетістіктері, басылымға жіберілген мақалалар, ашық ұйымдастырылған оқу қызметтері мен презентациялар, өз білімін жетілдіру тақырыбы бойынша ұйымдастырылған оқу құралдары.