Shopping cart

БІЗДІҢ ҰЖЫМ

Shape image

         Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы іспеттес. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан дамытады. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз.

Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қамту әрбір тәрбиеші, ұстаздың басты мақсаттарының бірі болуы тиіс. Балабақша – келешек, ел басқарар, жер суына иелік етер, ел халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап, өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя. Балабақша келер ұрпақты еңбекке, өнер-білімге, елінің ар-намысын қорғауға және ізгі адамгершілік ниеттерге баулиды. Сондай талаптарға сай үздік балабақшалардың бірі – «РАЯНА» бөбекжай балабақшасы.

Меңгеруші:  Кулманова Айдана Асанқызы
Туған жылы: 06.10.1994 ж
Санаты: жоқ
Жалпы өтілі: 11ж
Педагогикалық еңбек өтілі: 10ж
Білімі: жоғары
Оқу орны: Академик Ә.Қуатбеков атындағы  Халықтар Достығы университеті